Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 5 ақпандағы № 19-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4575 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім ресми жариялауға жатады және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы |
Е. Адильбеков |