Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 5 қарашадағы № 11-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25185 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Оқуға арналған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес беріледі, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.";
аталған шешімнің қосымшасының 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедек балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы | Е. Адильбеков |