"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Чистопол ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистопол ауылдық округінің Чистопол ауылындағы Сакко и Ванцетти көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Чистопол ауылдық округінің әкімі | К. Амантаев |