Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистопол ауылдық округінің Чистопол ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 наурызда № 27098 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Чистопол ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистопол ауылдық округінің Чистопол ауылындағы Сакко и Ванцетти көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Чистопол ауылдық округінің әкімі К. Амантаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады