Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Шұқыркөл ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шұқыркөл ауылдық округі Шұқыркөл ауылының Новая көшесі Еркін Әуелбеков көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шұқыркөл ауылдық округі әкімі | К. Жанзаков |