Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 31 шілдедегі № 194 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5517 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі |
М. Ескендиров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жамбыл аудандық мәслихаты
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3) аудандық маңызы бар Жұмыспен қамту орталығының сектор басшысы;
4) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
5) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы - жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға және 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
7) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинеті, кітапхана меңгерушісі (басшысы);
5) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
6) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
7) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі мамандар – дыбыс операторы.