Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 01-11/53 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Прибрежный ауылдық округі Шаховское ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 қарашадағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25056 болып тіркелген) № 240 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4..Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің әкімі |
Д. Рамазанов |