Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Прибрежный ауылдық округі әкімінің 11.10.2022 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 01-11/134 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Прибрежный ауылдық округінің Шаховское ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің әкімі | Д. Рамазанов |