Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 шiлдедегi № 112 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 шiлдеде № 28833 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Прибрежный ауылдық округі әкімінің 11.10.2022 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 01-11/134 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Прибрежный ауылдық округінің Шаховское ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің әкімі Д. Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады