Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 248 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5379 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының хатшысы |
С. Бекшенов |