Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШTІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 379 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6535 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының хатшысы |
С. Бекшенов |