Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 379 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 қыркүйекте № 6535 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2022 жылғы 3 ақпандағы № 140 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 03.02.2022 № 140 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоксандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге Кодекстің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе арттырылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 15 маусымдағы № 179 шешімінің (2018 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4792 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданы мәслихаты
      сессиясының төрағасы Д.Жакупов
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданы мәслихатының
      хатшысы К.Шарипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады