"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тихоокеан және Шұңқыркөл ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округі Тихоокеан ауылының көшелері:
Пролетарская көшесін Тұран көшесіне;
Ленин көшесін Болашақ көшесіне;
Октябрьская көшесін Дарын көшесіне қайта аталсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округі Шұңқыркөл ауылының көшелері:
Чапаев көшесін Көктем көшесіне;
Ленин көшесін Бәйтерек көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тихоокеан ауылдық округінің әкімі | Е. Бакиров |