Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округі Тихоокеан және Шұңқыркөл ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28270 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тихоокеан және Шұңқыркөл ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округі Тихоокеан ауылының көшелері:

      Пролетарская көшесін Тұран көшесіне;

      Ленин көшесін Болашақ көшесіне;

      Октябрьская көшесін Дарын көшесіне қайта аталсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округі Шұңқыркөл ауылының көшелері:

      Чапаев көшесін Көктем көшесіне;

      Ленин көшесін Бәйтерек көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тихоокеан ауылдық округінің әкімі Е. Бакиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады