Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысының негізінде және Хмельницкий ауылдық округінің Хмельницкое ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Хмельницкий ауылдық округі Хмельницкое ауылындағы келесi көшелері қайта аталсын:
Пионерская көшесін Смағұл Сәдуақасов көшесіне;
Комсомольская көшесін Сәбит Мұқанов көшесіне;
Калинин көшесін Абай көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | И. Попова |