Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Хмельницкий ауылдық округінің Хмельницкое ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Хмельницкий ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 сәуірде № 27821 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысының негізінде және Хмельницкий ауылдық округінің Хмельницкое ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Хмельницкий ауылдық округі Хмельницкое ауылындағы келесi көшелері қайта аталсын:

      Пионерская көшесін Смағұл Сәдуақасов көшесіне;

      Комсомольская көшесін Сәбит Мұқанов көшесіне;

      Калинин көшесін Абай көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі И. Попова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады