Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Уәлиханов аудандық мәслихатының "Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 19 наурыздағы № 2-24 с шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4626 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Уәлиханов аудандық мәслихатының хатшысы | М. Абдулов |