Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 09.06.2022 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 17-08/15 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі Золотая Нива ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі
Қарасу ауылдық округінің әкімі | С. Садвакасов |