Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 13 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 6 сәуірде № 27458 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 09.06.2022 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 17-08/15 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі Золотая Нива ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі

      Қарасу ауылдық округінің әкімі С. Садвакасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады