"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысына, Атырау облысы Атырау қаласының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуына сәйкес, Атырау облысы Атырау қаласы Атырау ауылдық округі Атырау ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атырау облысы Атырау қаласы Атырау ауылдық округінің Атырау ауылы Қызыл балық ауылы деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысының және Атырау облыстық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | М. Досмухамбетов |
Мәслихат хатшысы | А. Наутиев |