Атырау облысы Атырау қаласы Атырау ауылдық округінің Атырау ауылын қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 24 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 128-VIІ бірлескен шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 наурызда № 27084 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысына, Атырау облысы Атырау қаласының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуына сәйкес, Атырау облысы Атырау қаласы Атырау ауылдық округі Атырау ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атырау облысы Атырау қаласы Атырау ауылдық округінің Атырау ауылы Қызыл балық ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысының және Атырау облыстық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі М. Досмухамбетов
      Мәслихат хатшысы А. Наутиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады