"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2022 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 198 қаулысымен бекітілген |
2022 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге | Өлшем шарттары | Өтінім беру мерзімі |
1 | Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы | бас | 240 000 | өтінім берген сәтте (13 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 600 бастан кем емес болуы | Ағымдағы жылғы 20 қыркүйектен бастап 20 желтоқсанға дейін |
2 | Ірі қара малдың аналық басы | бас | 30 000 |
1) өтінім берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 25 бастан кем емес болуы; | Ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап 20 желтоқсанға дейін |
3 | Ұсақ малдың аналық басы | бас | 5 000 |
1) өтінім берген сәтте (12 айдан асқан аналықтардың) меншікті аналық басының қойлардың 200 бастан кем емес болуы; | |
4 | Жылқылардың аналық басы | бас | 8 000 |
1) өтінім берген сәтте (36 айдан асқан аналық бас) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы; | |
5 | Түйелердің аналық басы | бас | 8 000 |
1) өтінім берген сәтте (36 айдан асқан аналық бас) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы; |