"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы және 20 сәуірдегі қорытындылары негізінде, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Құлсары қаласының келесі атауы жоқ көшелеріне атаулар берілсін:
1) атауы жоқ көшеге - Сәли Шәкірова көшесі;
2) атауы жоқ көшеге - Жұмаш Өмірбаев көшесі;
3) атауы жоқ көшеге - Кейкін Атшыбаев көшесі;
4) атауы жоқ көшеге - Бағытжан Шнашев көшесі;
5) атауы жоқ көшеге - Жанаш Нұрмахан көшесі;
6) атауы жоқ көшеге - Бағыт Жақыпов көшесі;
7) атауы жоқ көшеге - Бердіғали Мұқанов көшесі;
8) атауы жоқ көшеге - Жаманқұл Тілеубаев көшесі;
9) атауы жоқ көшеге - Қалмұқан Қалиев көшесі;
10) атауы жоқ көшеге - Үркін Қонаров көшесі.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жылыой ауданының әкімі | Х. Жамалов |
Мәслихат хатшысы | С. Таласов |