Құлсары қаласының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 132 бірлескен қаулысы және Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 19-6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28272 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы және 20 сәуірдегі қорытындылары негізінде, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Құлсары қаласының келесі атауы жоқ көшелеріне атаулар берілсін:

      1) атауы жоқ көшеге - Сәли Шәкірова көшесі;

      2) атауы жоқ көшеге - Жұмаш Өмірбаев көшесі;

      3) атауы жоқ көшеге - Кейкін Атшыбаев көшесі;

      4) атауы жоқ көшеге - Бағытжан Шнашев көшесі;

      5) атауы жоқ көшеге - Жанаш Нұрмахан көшесі;

      6) атауы жоқ көшеге - Бағыт Жақыпов көшесі;

      7) атауы жоқ көшеге - Бердіғали Мұқанов көшесі;

      8) атауы жоқ көшеге - Жаманқұл Тілеубаев көшесі;

      9) атауы жоқ көшеге - Қалмұқан Қалиев көшесі;

      10) атауы жоқ көшеге - Үркін Қонаров көшесі.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жылыой ауданының әкімі Х. Жамалов
      Мәслихат хатшысы С. Таласов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады