Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 20.02.2024 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 138 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4683 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Джанглишов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Махамбет аудандық мәслихаты
Махамбет аудандық әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 33 қаулысына қосымша |
|
Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 138 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы және аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысы;
2) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары және аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысының орынбасары;
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
4) мейіргер;
5) логопед;
6) психолог;
7) әдіскер;
8) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
9) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);
10) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;
11) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
12) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
13) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;
14) емдік денешынықтыру жөніндегі маман;
15) ассистент.
2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
4) аккомпаниатор;
5) аккомпаниатор-концертмейстр;
6) барлық атаудағы әртістері;
7) библиограф;
8) кітапханашы;
9) дирижер;
10) дыбыс режиссері;
11) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
12) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
13) музыкалық жетекші;
14) продюсер;
15) редактор (негізгі қызметтер);
16) режиссер;
17) қоюшы режиссер;
18) вокал бойынша үйретуші;
19) хореограф;
20) хормейстер;
21) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).