Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № LVI-3 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылқоға ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімінің күші жойылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелу тізімінде № 4754 санымен тіркелген).
2. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Аккайнанов |