Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Индербор кенті аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Индербор кенті әкімінің орынбасары А. Габдуллинге жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | А. Аймуратов |