Индербор кенті аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті әкімінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 43 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 сәуірде № 27461 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Индербор кенті аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Индербор кенті әкімінің орынбасары А. Габдуллинге жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кент әкімі А. Аймуратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады