"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 02 "Мақат ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3784 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақат ауданының әкімі | Р. Ибрагимов |