ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2. "Түркістан облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы | К. Балабиев |