Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3 бабының 1 тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2022 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың Арыс қаласы бойынша ең төмен мөлшері айына бір шаршы метр үшін 19,03 теңге сомасында бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арыс қалалық мәслихат хатшысы | А. Байтанаев |