"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кентау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 253 "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5704 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының оның ресми жарияланғаннан кейін Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Байболоваға жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кентау қаласының әкімі | Д. Махажанов |