Түркістан қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 15/82-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 сәуірде № 27447 болып тiркелдi

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-10 тармағына және "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысы М. Тангатаров

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2022 год по городу Туркестан

Решение Туркестанского городского маслихата Туркестанской области от 30 марта 2022 года № 15/82-VII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 апреля 2022 года № 27447

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее решение вводится в действие с 01.01.2022.

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 ноября 2021 года № 787 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев", Туркестанский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев в местах размещения туристов с 1 января по 31 декабря 2022 года включительно – 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2022 года.

      Секретарь городского маслихата М. Тангатаров