ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-10 тармағына және "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат хатшысы | М. Тангатаров |