Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 22/138 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қазанда № 30107 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 7/34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 11.10.2023 № 7/34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бәйдібек ауданының мәслихат хатшысы А. Кенехан

  Бәйдібек аудандық мәслихатының
2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 22/138
шешіміне 1 қосымша

Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      1) әлеуметтік көмек ретінде бастапқы жарна сомасының 90 % мөлшерінде,

      бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;

      2) әлеуметтік қолдау ретінде бастапқы жарна сомасының 90 % мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.

  Бәйдібек аудандық мәслихатының
2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 22/138
шешіміне 2 қосымша

Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

      3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

      4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

      5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

      6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

      7) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

      8) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

      9) қандастар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

      10) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

      11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

      12) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

      13) толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

      14) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) сәйкес, қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттік ұйымдарының мамандары және де өзге де салалардағы мамандар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Байдибек

Решение Байдибекского районного маслихата Туркестанской области от 30 сентября 2022 года № 22/138. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 октября 2022 года № 30107. Утратило силу решением Байдибекского районного маслихата Туркестанской области от 11 октября 2023 года № 7/34

      Сноска. Утратило силу решением Байдибекского районного маслихата Туркестанской области от 11.10.2023 № 7/34 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 417 "Об утверждении правил предоставления жилищных сертификатов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18883), маслихат района Байдибек РЕШИЛ:

      1. Определить размер и перечень категорий получателей жилищных сертификатов по району Байдибек, согласно приложениям 1, 2 к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата района Байдибек А. Кенехан

  Приложение 1 к решению
маслихата района Байдибек
30 сентября 2022 года № 22/138

Размер жилищных сертификатов по району Байдибек

      1) 90 % от суммы первоначального взноса, но не более 1 500 000 миллиона (одного миллиона пятисот тысяч) тенге в виде социальной помощи;

      2) 90 % от суммы первоначального взноса, но не более 1 500 000 миллиона (одного миллиона пятисот тысяч) тенге в виде социальной поддержки.

  Приложение 2 к решению
маслихата района Байдибек
30 сентября 2022 года № 22/138

Перечень категорий получателей жилищных сертификатов по району Байдибек

      1) ветераны Великой Отечественной войны;

      2) ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах);

      3) ветераны боевых действий на территории других государств (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах);

      4) лица с инвалидностью первой и второй групп (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах);

      5) семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах);

      6) лица, страдающие тяжелыми формами некоторых хронических заболеваний, перечисленных в списке заболеваний, утверждаемом уполномоченным органом в области здравоохранения (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах);

      7) пенсионеры по возрасту (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах);

      8) дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявшие родителей до совершеннолетия (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах);

      9) кандасы (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах);

      10) лица, лишившиеся жилища в результате экологических бедствий, чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах);

      11) многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах);

      12) семьи лиц, погибших (умерших) при исполнении государственных или общественных обязанностей, воинской службы, при подготовке или осуществлении полета в космическое пространство, при спасании человеческой жизни, при охране правопорядка (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах);

      13) неполные семьи (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах);

      14) Специалисты бюджетных организации и специалисты иных отраслей в отраслях здравоохранения, образования, культуры, спорта с учетом прогноза формируемых трудовых ресурсов в соответствии с приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 марта 2019 года № 154 "Об утверждении Правил формирования национальной системы прогнозирования трудовых ресурсов и использования ее результатов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18445) (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).