Бәйдібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 7/34 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 қазанда № 6375-13 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бәйдібек ауданының мәслихат төрағасы А. Кенехан

  Бәйдібек аудандық мәслихатының
2023 жылғы 11 қазандағы
№ 7/34 шешіміне қосымша

Бәйдібек аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі "Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" № 22/138 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30107 болып тіркелген) шешімі;

      2. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 мамырдағы "Бәйдібек ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" № 25/139 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2700 болып тіркелген) шешімі;

      3. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі "Бәйдібек ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" № 20/132 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29751 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады