Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Отырар аудандының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Отырар аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Отырар ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 21/103-VI шешiмiнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4331 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар ауданының мәслихатының хатшысы | А. Мырзатай |