Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Б. Байғараев |
Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 127 шешіміне 1 қосымша |
Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Ескерту. 1-косымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 22.09.2023 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Созақ ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1) әлеуметтік көмек түрінде, бастапқы жарна сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
2) әлеуметтік қолдау түрінде, бастапқы жарна сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.
Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 127 шешіміне 2 қосымша |
Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Ескерту. 2-косымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 22.09.2023 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
2) 1 және 2 топтардағы мүгедектер);
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
7) қандастар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар;
12) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
13) "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20мамырдағы № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, еңбек жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар".