Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 78 ""Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Түлкібас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4545 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түлкібас ауданы әкімі | Н. Байғұт |