Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 24.04.2024 № 19/2-08 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түлкібас аудандық мәслихатының "Түлкібас ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 65/4-06 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6042 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-қосымшаның 1-тармағының 5-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде.";
1-қосымшаның 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Сейсенбаев |