Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шардара ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 308 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5170 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шардара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шардара ауданының әкімі | К. Жолдыбай |