Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 54-339-VI "Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-162-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 қаңтарда № 31591 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 8-45-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 20.09.2023 № 8-45-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 54-339-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5505 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - әлеуметтік көмек алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндерге ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі."

      6, 7, 8 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

      7. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға бір рет көрсетіледі:

      1) 8 Наурыз "Халықаралық әйелдер күніне" - көпбалалы аналарға, оның ішінде:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталғандарға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      2) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні:

      Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі-КСР Одағы) Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлерге 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      3) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      4) 6 шілде "Астана күніне" орай - Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері, зейнеткерлер, аудан мектептеріндегі жетім және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан үздік оқушыларды саяхаттауға Астана қаласына - бір адамға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Түркістан қаласына бір адамға 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 30 тамыз - "Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне" орай:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) 25 қазан - "Республика күніне" орай:

      үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған жалғызілікті қарттарға, 100 жастан асқан қарттарға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етілген мүгедектігі бар адамдарға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) 16 желтоқсан - "Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай:

      саяси қуғын-сүргін құрбандарына және мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      үйде тәрбиеленетін және оқытылатын, әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүгедектігі бар балаларға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      8. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамның (отбасының) еңтөменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына, тек қана әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын сатып алуға және т.б.), тұрғын үйін жөндеуге және жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге арналған шығындардан басқа) бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедектігі бар балаларға - ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржыжылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде тағайындалады;

      5) созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан мұқтаж азаматтарға - бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) 80 жастан асқан жалғызілікті қарт адамдарға, Шардара ауданының аумағында жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге - ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға - ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) жалғызілікті қарттарға, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын, әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүгедектігі бар балаларға қатты отынға ақшалай нысанда бір рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемдеріне қосымша - ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткішке дейін көмек көрсетілсін;

      10) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған мекенжай бойынша азаматтарға (отбасыларға) қиын жағдай туындаған сәттен бастап өтініш көрсету мерзімі үш айдан кешіктірілмей біржолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      11) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасына бір рет 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы А. Карсыбаев

О внесении изменений в решение Шардаринского районного маслихата от 3 марта 2020 года № 54-339-VI "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 26 декабря 2022 года № 25-162-VII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 января 2023 года № 31591. Утратило силу решением Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 20 сентября 2023 года № 8-45-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 20.09.2023 № 8-45-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Шардаринский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шардаринского районного маслихата "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 3 марта 2020 года № 54-339-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5505) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан утвержденных указанным решением:

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом (далее - МИО) в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели социальной помощи) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к праздничным дням."

      пункты 6, 7, 8 изложить в новой редакции:

      "6. Меры социальной поддержки, предусмотренные статье 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан" и подпунктом 2) статьи 10, подпунктом 2) статьи 11, подпунктом 2) статьи 12, подпунктом 2) статьи 13, статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", оказываются в порядке, определенном настоящими Правилами.

      7. Социальная помощь к праздничным дням предоставляется единовременно следующим категориям граждан:

      1) 8 марта "Международный женский день"- многодетным матерям, в том числе:

      награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" І и ІІ степени в размере 2 (двух) месячного расчетного показателя;

      2) День защитника Отечества - 7 мая:

      семьям военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава, призванных на сборы военнообязанных Министерства обороны, органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее - Союза ССР), погибших (умерших) во время выполнения задач по охране общественного порядка при чрезвычайных обстоятельствах, связанных с антиобщественными проявлениями в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия в размере 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, в которых велись боевые действия в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      рабочим и служащим соответствующих категорий, обслуживавшим действовавшие воинские контингенты в других странах и которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      ветеранам боевых действий на территории других государств в размере 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшие задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года в размере 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшие участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года в размере 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, а также лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшие участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы в размере 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986 - 1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их детям, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей.

      3) День Победы - 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны в размере 1 000 000 (один миллион) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      супруга (супруг) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруга (супруг) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда" в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      лицам, приравненным к участникам и по льготам к лицам с инвалидностью Великой Отечественной войны в размере10 (десять) месячных расчетных показателей;

      для подписки в изданиях - участникам и лицам с инвалидностью Великой Отечественной войны, приравненные участникам и по льготам к лицам инвалидностью Великой Отечественной войны, лицам награжденными орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны и ветераны боевых действий на территории других государств в размере 2 (двух) месячного расчетного показателя.

      4) 6 июля "День Столицы" - на экскурсию ветеранов Отечественной Войны и тыла, пенсионеров, лучшие ученики из сирот и малообеспеченных семей в районных школах в город Астана в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей на одного человека или в город Туркестан в размере 7 (семь) месячных расчетных показателей на одного человека;

      5) 30 августа "День Конституции Республики Казахстан" - гражданам, пострадавшим вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      6) 25 октября "День Республики" - пожилые люди старше 100 лет, престарелым, получившим специальный уход на дому в размере 2 (двух) месячных расчетных показателей;

      лицам с инвалидностью, обеспеченным услугами индивидуального помощника, в соответствии с индивидуальной программой реабилитации - в размере 2 (двух) месячных расчетных показателя;

      7) 16 декабря "День Независимости" - жертвы политических репрессий, лица, пострадавшие от политических репрессий, имеющие инвалидность или являющиеся пенсионерами, реабилитированные в порядке, установленным Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" в размере 60 (шестьдесят) месячных расчетных показателей;

      детям с инвалидностью, воспитывающимся и обучающимся на дому, получающим социальные услуги в размере 2 (двух) месячных расчетных показателей.

      8. Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации оказывается единовременно и (или) периодически (ежемесячно):

      1) освобожденным из мест лишения свободы и находящимся на учете службы пробации с учетом среднедушевого дохода лица (семьи), не превышающего размера прожиточного минимума единовременно в размере 20 (двадцать) месячных расчетных показателей;

      2) малообеспеченным семьям со среднедушевым доходом которых, не превышающим шестидесяти процентов от устанавливаемого в кратном отношении к прожиточному минимуму, связанные с выполнением обязательств по социальному контракту, развитие личного подсобного хозяйства (покупка домашнего скота, птицы и другое), для ремонта жилого дома и организацию индивидуальной предпринимательской деятельности (кроме затрат на погашение предыдущих займов) единовременно в размере 100 (сто) месячных расчетных показателей;

      3) детям с инвалидностью, обучающимся и воспитывающимся на дому ежемесячно в размере 1 (один) месячного расчетного показателя;

      4) родителям или иным законным представителям детей, инфицированных вирусом иммунодефицита человека состоящих на диспансерном учете назначается ежемесячно без учета среднедушевого дохода в 2 (двух) кратном размере величины прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год;

      5) нуждающимся гражданам, страдающим заболеванием хронической почечной недостаточностью, единовременно в размере 30 (тридцать тысяча) месячных расчетных показателей;

      6) одиноким пожилым лицам в возрасте свыше 80 лет для возмещения расходов, связанных с проездом на территории Шардаринского района - ежемесячно в размере 1 (один) месячного расчетного показателя;

      7) лицам, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, больным заразной формой туберкулеза - ежемесячно в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      8) лицам одиноким престарелым, трудно передвигающимся с инвалидностью первой группы, детям с инвалидностью воспитывающимся и обучающимся на дому, оказывающимся социальные услуги, в денежной форме для приобретения твҰрдого топлива единовременно в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      9) семьям имеющим детей от одного года до шести лет и получающим адресную социальную помощь дополнительно к социальному гарантированному пакету оказать помощь ежемесячно в размере не более 1 (один) месячного расчетного показателя;

      10) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара по месту возникновения стихийного бедствия или пожара, единовременно без учета среднедушевого дохода, срок оказания не позднее шести месяцев с момента наступления трудной жизненной ситуации единовременно в размере - 100 (сто) месячных расчетных показателей;

      11) семьи военнослужащих погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время - единовременно в размере 2500 (две тысячи пятьсот) месячных расчетных показателей."

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь районного маслихата А. Карсыбаев