Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сауран ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Сауран ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Сауран ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маслихат хатшысы | М. Кунпеисов |
2022 жылғы 29 қарашадағы № 156 шешіміне 1 қосымша |
Сауран ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Сауран ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1. Алаң, Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан елді мекені, Ғұлам Бабажанов көшесі, 1.
2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан елді мекені, Дінмұхаммед Қонаев көшесінен Ғұлам Бабажанов көшесіндегі алаңға дейін.
3. "Даңқ" аллея саябағы, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның ХХХ-жылдығы елді мекені, Шымкент көшесі, 32.
4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шаға ауылдық округі, Қазақстанның ХХХ-жылдығы елді мекені, Тұрар Рысқұлов көшесінен Шымкент көшесінде орналасқан "Даңқ" аллея саябағына дейін.
5. Орталық алаң, Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған елді мекені, Бабайбатыр көшесі, 43 А.
6. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған елді мекені, Бабайбатыр көшесіндегі орталық стадионнан Бабайбатыр көшесіндегі орталық алаңға дейін.
7. Жеңіс алаңы, Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек елді мекені, Түркістан көшесі, 104.
8. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек елді мекені, Инаят Усманова көшесіндегі орталық стадионнан Түркістан көшесіндегі Жеңіс алаңына дейін.
9. Алаң, Жібек жолы ауылдық округі, Сауран елді мекені, Оразымбет Дүйсенбаев көшесі, 30.
10. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жібек жолы ауылдық округі, Сауран елді мекені, Айнаш Оразбаева көшесінен Оразымбет Дүйсенбаев көшесіндегі алаңға дейін.
11. Орталық алаң, Оранғай ауылдық округі, Оранғай елді мекені, Мектеп көшесі, 5 А.
12. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Оранғай ауылдық округі, Оранғай елді мекені, Мектеп көшесінің басынан орталық алаңға дейін.
13. Алаң, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекені, Ибадулла ата көшесі, 6.
14. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекені, Иқан көшесіндегі аялдамадан Ибадулла ата көшесіндегі орталық алаңға дейін.
15. Алаң, Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан елді мекені, Жаулан Абдураимов көшесі мен Шобанақ көшесінің қиылысы.
16. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Иассы ауылдық округі, Шобанақ көшесі, 48 ғимараттан Жаулан Абдураимов көшесі мен Шобанақ көшесінің қиылысында орналасқан алаңға дейін.
17. Алаң, Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекені, Дінмұхаммед Қонаев көшесі, 39 А.
18. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекені, Амангелді Иманов көшесінен Дінмұхаммед Қонаев көшесіндегі алаңға дейін.
19. Алаң, Қарашық ауылдық округі, Қарашық елді мекені, Сайдан Жамалов көшесі, 2 Б.
20. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қарашық ауылдық округі, Қарашық елді мекені, Қарашық көшесінен Сайдан Жамалов көшесіндегі алаңға дейін.
21. Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Теке ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан алаң, Үшқайық ауылдық округі, Теке елді мекені, Бейбітшілік көшесі, 35.
22. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Үшқайық ауылдық округі, Теке елді мекені, Әлия Молдағұлова көшесінен Бейбітшілік көшесіндегі Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Теке ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан алаңға дейін.
23. Алаң, Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекені, Мұхтар Әуезов көшесі, 21 А.
24. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекені, Достық көшесінен Мұхтар Әуезов көшесіндегі алаңға дейін.
Сауран аудандық мәслихатының шешіміне 2 қосымша |
Сауран ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Сауран ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4. Сауран ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) Алаң, Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан елді мекені, Ғұлам Бабажанов көшесі, 1, шекті толу нормасы 300 адам;
2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан елді мекені, Дінмұхаммед Қонаев көшесінен Ғұлам Бабажанов көшесіндегі алаңға дейін, шекті толу нормасы 300 адам;
3) "Даңқ" аллея саябағы, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның ХХХ-жылдығы елді мекені, Шымкент көшесі, 32, шекті толу нормасы 300 адам;
4) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шаға ауылдық округі, Қазақстанның ХХХ-жылдығы елді мекені,Тұрар Рысқұлов көшесінен Шымкент көшесінде орналасқан "Даңқ" аллея саябағына дейін, шекті толу нормасы 300 адам;
5) Орталық алаң, Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған елді мекені, Бабайбатыр көшесі, 43 А, шекті толу нормасы 100 адам;
6) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған елді мекені, Бабайбатыр көшесіндегі орталық стадионнан, Бабайбатыр көшесіндегі орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы 100 адам;
7) Жеңіс алаңы, Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек елді мекені, Түркістан көшесі, 104, шекті толу нормасы 100 адам;
8) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек елді мекені, Инаят Усманова көшесіндегі орталық стадионнан Түркістан көшесіндегі Жеңіс алаңына дейін, шекті толу нормасы 100 адам;
9) Алаң, Жібек жолы ауылдық округі, Сауран елді мекені, Оразымбет Дүйсенбаев көшесі, 30, шекті толу нормасы 100 адам;
10) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жібек жолы ауылдық округі, Сауран елді мекені, Айнаш Оразбаева көшесінен Оразымбет Дүйсенбаев көшесіндегі алаңға дейін, шекті толу нормасы 100 адам;
11) Орталық алаң, Оранғай ауылдық округі, Оранғай елді мекені, Мектеп көшесі, 5 А, шекті толу нормасы 100 адам;
12) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Оранғай ауылдық округі, Оранғай елді мекені, Мектеп көшесінің басынан орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы 100 адам;
13) Алаң, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекені, Ибадулла ата көшесі, 6, шекті толу нормасы 200 адам;
14) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекені, Иқан көшесіндегі аялдамадан Ибадулла ата көшесіндегі орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы 200 адам;
15) Алаң, Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан елді мекені, Жаулан Абдураимов көшесі мен Шобанақ көшесінің қиылысы, шекті толу нормасы 60 адам;
16) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан елді мекені, Шобанақ көшесі, 48 ғимараттан Жаулан Абдураимов көшесі мен Шобанақ көшесінің қиылысында орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 60 адам;
17) Алаң, Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекені, Дінмұхаммед Қонаев көшесі, 39 А, шекті толу нормасы 100 адам;
18) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекені, Амангелді Иманов көшесінен Дінмұхаммед Қонаев көшесіндегі алаңға дейін, шекті толу нормасы 100 адам;
19) Алаң, Қарашық ауылдық округі, Қарашық елді мекені, Сайдан Жамалов көшесі, 2 Б, шекті толу нормасы 100 адам;
20) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қарашық ауылдық округі, Қарашық елді мекені, Қарашық көшесінен Сайдан Жамалов көшесіндегі алаңға дейін, шекті толу нормасы 100 адам;
21) Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Теке ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан алаң, Үшқайық ауылдық округі, Теке елді мекені, Бейбітшілік көшесі, 35, шекті толу нормасы 200 адам;
22) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Үшқайық ауылдық округі, Теке елді мекені, Әлия Молдағұлова көшесінен Бейбітшілік көшесіндегі Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Теке ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 200 адам;
23) Алаң, Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекені, Мұхтар Әуезов көшесі, 21 А, шекті толу нормасы 200 адам;
24) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекені, Достық көшесінен Мұхтар Әуезов көшесіндегі алаңға дейін, шекті толу нормасы 200 адам;
5. Жергілікті атқарушы органның келісімісіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Сауран ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Сауран аудандық мәслихатының шешіміне 3 қосымша |
Сауран ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Сауран ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейтін:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.