Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
"Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4418 болып тіркелген) қаулысы;
"Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 78 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5615 болып тіркелген) қаулысы.
2. "Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |