Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 - бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға келесі мөлшерде сараланатын тариф белгіленсін:
1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 90 (тоқсан) теңге;
2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 130 (жүз отыз) теңге.
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Ж. Омар |
"КЕЛІСІЛДІ"
Өскемен қалалық
мәслихатының хатшысы