Өскемен қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 1438 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 сәуірде № 27690 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 - бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға келесі мөлшерде сараланатын тариф белгіленсін:

      1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 90 (тоқсан) теңге;

      2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 130 (жүз отыз) теңге.

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Өскемен қалалық

      мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады