Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI "Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6248 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасының 4-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы | А. Светаш |