Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 04.06.2024 № 22/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының "Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-195 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешім қосымшасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған, Өскемен қаласының аумағында орналасқан тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 7 (жеті) пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.";
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын жиынтық табысы мен шығыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орташа есептеледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы | А. Светаш |