Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 маусымда № 9032-16 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. Светаш

  Өскемен қалалық мәслихатының
2024 жылғы 4 маусымдағы
№ 22/3-VIII шешіміне
1-қосымша

Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда, Өскемен қаласының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсалатын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде, 7 (жеті) пайыз мөлшерінде айқындалады.

      5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне немесе әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидаларға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер, сондай-ақ тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Қағидалармен айқындалады.

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

  Өскемен қалалық мәслихатының
2024 жылғы 4 маусымдағы
№ 22/3-VIII шешіміне
2-қосымша

Өскемен қалалық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. "Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-195 болып тіркелген) шешімі.

      2. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 35/6-VI "Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-203 болып тіркелген) шешімі.

      3. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/4-VI "Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6257 болып тіркелген) шешімі.

      4. Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 53/2-VI "Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6259 болып тіркелген) шешімі.

      5. Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/6-VI "Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8323 болып тіркелген) шешімі.

      6. Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 15/14-VII "Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26549 болып тіркелген) шешімі.

      7. Өскемен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 31/9-VII "Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI "Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31212 болып тіркелген) шешімі.

      8. Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/5-VIII "Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI "Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8948-16 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады