Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің 21.02.2023 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына, Риддер қаласының төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиясының 2022 жылғы 6 қарашадағы кезектен тыс отырысының № 7 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Риддер қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға басшылық жасауды және жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу өзіме қалдырылсын.
3. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы шешімнің мемлекеттік тіркелуін;
2) Риддер қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында осы шешімді орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Д. Горьковой |